"Радиациалық қорғау мен қауіпсіздік" кәсібі бойынша мамандық көтеру курсы
"Радиациалық қорғау мен қауіпсіздік" кәсібі бойынша мамандық көтеру курсы
"СОЛО ЛТД" ЖШС "Радиациялық қорғау және қауіпсіздік" мамандығы бойынша қызметкерлерді даярлауды іске асырады (ҚР ЭМРМ Атомдық энергетика жөніндегі комитетінің лицензиясы ГЛА № 0001825). Радиациялық қауіпсіздік және қорғау бойынша оқытуға қатысты СМК МС ИСО 9001:2000 IQNet № 08.496.026 сәйкестілік сертификаты.
Дәрістрді оқу үшін радиология саласындағы жетекші мамандар шақырылады. Тәжірибелік сабақтар қазіргі заманғы радиологиялық жабдықтарды өткізіледі. Дәрістердің курсы аяқталғаннан кейін, біліктілік емтихандары өткізіледі, белгіленген үлгідегі куәліктер беріледі. Біліктілік емтихандарының нәтижелері бойынша аттестатталмаған жағдайда, әрбір курсанттың емтихандарды 3 айдың ішінде қайтадан тегін тапсыруға құқығы бар. Қайта аттестатталмаған жағдайда, бұл курсант емтихандарға ақылы дайындық курсын қайта өткеннен кейін ғана жіберіледі. Сабақтар топ жиналғаннан кейін өткізіледі. Тыңдаушылардың саны шектелмеген. Топтар сабақ басталғанға дейін 7 күнтізбе күннен кеш емес мерзімде жинақталады. Дәрістер курсының ұзақтығы 79 сағат (9 күнтізбе күн).
Курстың негізгі тараулары:
1. Радиоактивтілік туралы негізгі ұғымдар.
2. Иондаушы сәулеленулердің биологиялық әсері.
3. Адамның сәулеленуін регламенттеу.
4. Табиғи радиациялық жай-күйі.
5. Иондаушы сәулеленуден қорғауды есептеу.
6. Сыртқы және ішкі сәулеленудің мөлшерін есептеу.
7. Иондаушы сәулелену дозиметриясы.
8. Адамның ішкі сәулеленуін бақылау.
9. Радиациялық апаттар.
10. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу.
11. Атомдық заңнама және РҚ бақылау және қадағалауды ұйымдастыру.
12. Атомдық энергия пайдаланылатын қызметке лицензия алу үшін құжаттардың пакетін ұсыну
13. РАҚ тасымалдаған кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
14. Радиоактивті материалдар мен орауыштарды сынау. РАҚ экспорты, импорты.
Мамандары даярлауға өтінімдер мына тел/факс бойынша қабылданады: +7 (727) 2642710 , әрі мына электронды пошта бойынша қабылданады: info@solo.kz
